ҚАЗАҚСТАН ЖАС СТОМАТОЛОГТАР АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ ӨТТІ
Университетімізде «Қазақстан жас стоматологтар ассоциациясының II Халықаралық конгресі» өтті.
Конгресске Қазақстанның барлық медициналық жоғары білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Ташкент Мемлекеттік стоматология институтынан стоматолог-студенттер қатысты.
Халықаралық іс-шараның негізгі мақсаты – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Дүниежүзілік стоматологтар федерациясының саясаты мен стратегиясына сай стоматологиялық көмекті ұйымдастыруда заманауи әдістер арқылы стоматологиялық дерттерді төмендетуге қол жеткізу.
Конгресстің ашылу салтанатында университетіміздің ректор өкілі Пейами Баттал құттықтау сөзімен ашты. Ол болашақ стоматологтар үшін бұл конгрестің маңыздығына тоқтала отырып, шара аясында ұйымдастырылып отырған студенттік олимпиадада жастарға сәттілік тіледі. Стоматология факультетінің деканы Хасан Гүндоғар мен Ташкент Мемлекеттік стоматология институты проректоры Бехзод Ярмухамедов те студент жастарға жылы лебіздерін білдірді.
Жас стоматологтар арасында олимпиада форматында өткізілген конгресс екі күнге созылды. Студенттер бірінші күні 3 секция мен пленарлық отырыстарда баяндама жасап, өзара тәжірибе алмасты. Бұдан әрі үш бағытта олимпиадалық жарыстар өткізілді: 1) хирургиялық стоматология, 2) стоматологиядағы радиология; 3) ғылыми жоба қорғау.
Іс-шараның екінші күні Қазақстан Стоматологтар Бірлестігінің бас ассамблеясы және конгресстің жабылу салтанаты болып, жеңімпаздарға марапаттар табысталды. Алқалы жиын стоматологиялық аруларды емдеу мен диагностикалауда инновациялық технологияларды енгізуге ықпал етеді. Бұл Конгресстің жас стоматологтардың біліктілігін арттыруда айрықша маңызға ие екенін атап өткен жөн.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 