ЯСАУИ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Жеңімпаздар құттықтау үшін университет ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілінің міндетін атқарушы Наджи Генч, әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев арнайы келді.
Жалпы 1888 адам қатысқан олимпиада екі кезең бойынша өтті. Екінші кезеңге жолдама алған 772 түлектің ішінен жүзден жүйрік шыққан 105 талапкер университетімізде квота негізінде тегін білім алу мүмкіндігі бұйырды.
Ректор Жанар Амангелдіқызы өзінің құттықтау сөзінде: «Өздеріңізде жақсы білетіндей, университетіміз құрылған жылдан бастап, өңіріміздегі ең жоғары, халықаралық деңгейдегі оқу орнына айналды. Жас таланттарды, ең жақсы оқитын балаларды әрдайым өзіне шақырып, үлкен жұмыстар атқарып келеді.
Жыл сайын университетімізге Түркия Республикасы тарапынан 500 түрік квотасы бөлінеді. Оның ішінде арнайы – 100 орын бар. Ол, сіздер қатысқан – Ясауи олимпиадасының жеңімпаздарына беріледі. Сіздер мектепте оқып жүріп, университеттің ішкі грантын иеленуге мүмкіндік алдыңыздар. Бұл өте жақсы дүние, баршаңызға құтты болсын», - деді.
Сонымен қатар, ректор болашақ студенттерге түрік квотасында оқып жүріп, грант ұтқан студенттердің көп екенін айтты. Оқу ордада шын білімдінің алар асуы мен оған ұсынылатын мол мүмкіндіктер туралы тарата айтты. Барлық қатысушыларды құттықтап, мамандық таңдау жолында сәттілік тіледі.
Келесі кезекте, профессор Наджи Генч те өзінің құттықтау тілегін жеткізді. Түркі әлемі жастарының басын қосқан университет – студенттерге сапалы білім беретін, мол мүмкіндіктер алаңы екенін айтты.
Айта кетейік, аталмыш олимпиадаға 2023 жылы 1505 адам тіркелген еді. Бұл көрсеткіштің жыл санап ұлғайып келеді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 