ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНДЕ «КІТАП ТАЛҚЫ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін университет кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай қазақ қаламгері Мұхтар Мағауиннің «Әйел махаббаты» шығармасы талқыланды.
Шараның мақсаты – студенттер мен оқытушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, қаламгердің аталмыш туындысы арқылы оқырман ой-өрісін кеңейту.
Айта кетейік, Ұлттық кітап күніне арналған декада аясында университетімізде жаңа «Кітап талқы» айдары бастау алған еді. Бүгінде том-том кітаптардың өз оқырмандары бар. Бұл жолы қаламгер Мұхтар Мағауиннің шығармасы туралы сөз болды.
Ең алдымен, кітапханашы Аружан Қожахмет жазушы Мұхтар Мағауиннің «Әйел махаббаты» әңгімесінің мазмұнымен таныстырды. Бұл – қаламгердің үздік шығармаларының бірі.
Шығарманы талқылау «викториналық ойын» фоматында өтті. Студенттер мен оқытушылар, оқырмандар мен кітапханашылар шығарма желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, шығармадан алған әсерін бөлісті. Өзара пікір алмасты. Талқылаудан соң оқырманда түрлі көзқарас қалыптасты.
Шара соңында кітапхана ұжымы Ұлттық кітап күніне орай барлық оқырмандарға «Абайдың айтушы мен тыңдаушы хақындағы танымы» кітабын тарту етті.
Белсенділік танытқан оқырмандар университет оқытушыларының кітаптары мен өзге де авторлардың кітаптарына ие болды. Атап айтқанда, журналист Сейдолла Садықұлының «Семсер сөздің серкесі», дінтанушы ғалым Зікірия Жандарбектің «Ясауи жолы және қазақ қоғамы» және Қыдырбек Рысбекұлының «Бекзат», Әбдуақап Қараның «Түркістан легионының ақиқаты – Свастика мен қызыл жұлдыз арасындағы жанталас» кітаптарын берді.
Осылайша, оқырмандар «Кітап талқыда» тағы бір шығарманың мән-мазмұнын тереңінен түсініп, өз дүниетанымын кеңейтті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы, Дінтану кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті даму және үйлестіру департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 