«YASAWI SCHOOL CUP V » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Оқу ордамызда «YASAWI SCHOOL CUP V» атты 11-12 сынып оқушыларына арналған дәстүрліреспубликалық турнир басталды.
Турнирді Шаңырақ клубтар координациясына қарасты «YASAWI DC» пікірсайыс клубы ұйымдастырды.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, олардың шешендік өнері мен аргументтік талдау дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ түрлі әлеуметтік және қоғамдық тақырыптар бойынша ашық әрі мәдениетті пікір алмасу қабілетін қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік көзқарасын еркін жеткізуіне мүмкіндік беріп, білімге деген қызығушылығын арттыру және дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсету.
Аталған турнирге Түркістан, Қызылорда, Шымкент және Тараз қаласы сонымен қатар, Отырар , Жуалы ауданы мен Қарнақ ауылынан 31 фракция қатысуда.
Жиында сөз бастаған Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов: «Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Ясауи университетіне қош келдіңіздер!
Университетіміз, еліміз тәуелсіздік алған кезде екі елдің достығының арқасында өз іргетасын қалады. Қазіргі таңда оқу ордамыз Қазақстандағы өзге жоғары оқу орындармен терезесі тең, іргелі ордаға айналды. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде де білім алаңында бірқатар салалар бойынша танылып келеді.
Біз өз университетімізде білім алып жатқан 10 000-ға жуық студенттің ең білімді, ең сапалы, ең мықты болғанын қалаймыз. Осы мақсатта университет қабырғасында білім алуға жастарды шақыру үшін үнемі білімді, талантты жастар арасында тамаша дебаттар мен олимпиадалар ұйымдастырып отырамыз.
Сондықтан, сөзге жүйрік, ойы ұшқыр жастардың басын қосып, оқу ордамызда ары қарай оқуға ынталандыру мақсатында дебат турнирін ұйымдастырдық. Құрметті оқушылар, сіздерге сәттілік тілеймін!»,-деді.
Айта кетейік, қатысушылар екі күн бойы бірнеше кезеңнен тұратын жарыста өзара үздікті анықтайды, нәтижесінде нағыз мықтылар іріктеліп, университетімізде тегін оқу мүмкіндігін иеленеді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 