ОҚУ ОРДАМЫЗДА ТӘРБИЕЛІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ФИЛЬМ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Бүгін оқу ордамызда студент жастарға арналған тәрбиелік және құқықтық бағыттағы фильм көрсетілімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң талаптарын құрметтеуін қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кездесуге Түркістан облысы прокуратурасының мемлекеттік айыпты қолдау саласы бойынша аға көмекшісі Ақбұлан Алжанов, Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Марат Бимаханов , Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Гүлсара Тоққұлова және тәрбие жұмысына жауапты мамандар, ОПҚ мен студенттер қатысты.
Жиында, ең алдымен, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған деректі фильмдердің көрсетілімі өтті. Фильмде қазіргі қоғамда жиі кездесетін құқық бұзушылықтар, соның ішінде мектеп жасындағы әлімжеттік пен буллингтің салдары, есірткі қылмысының зардаптары нақты өмірлік мысалдар арқылы көрсетілді.
Алғашқы сөз тізгінін алған Түркістан облысы прокуратурасының мемлекеттік айыпты қолдау саласы бойынша аға көмекшісі Ақбұлан Алжанов:
«Қайырлы күн, бүгінгі жиынға қатысып жатқан ұстаздар мен студенттер!
Жаңа көргендеріңіздей, екі бірдей бейне қойылымда көптеген мәселелер назарларыңызға ұсынылды. Бұл оқиғаның барлығы жайдан-жай айтылмайды. Себебі, адамның тағдыры – айна. Осындай кездесулерге жиналған 600 студенттің ішінде кем дегенде 10-ы, келесі жиыннан тағы да 10 студент өзіне ой түйетін болса, оның өзі жетістік деп білеміз»,-деді.
Келесі кезекте, Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Марат Бимаханов бүкіл әлемнің дертіне айналған есірткімен күрес – жарқын болашаққа жету жолындағы басты мақсат екенін айтты. Есірткінің адам өміріне тигізер зияны мен қаупі және оның жазалары жайында баяндама оқыды.
Сонымен қатар, шараға қатысқан Ерекше білім беруді қолдау орталығының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Гүлсара Тоққұлова заң бұзушылықтың адам тағдырына тигізетін зардабына тоқталды. Ата-ананың қадір-қасиетін түсіну – әрбір жастың басты парызы екенін ерекше атап өтті.
Шара аясында студенттер фильмде көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, құқықтық жауапкершілік, қауіп-қатерлерді бағалау және саналы шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 