ТҮРКСОЙ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТЫРЫС: ТҮРКІ ӘЛЕМІ БИ ӨНЕРІНІҢ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ректор Жанар Темірбекова Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барып, Хиуа қаласында өткен ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мемлекеттік хореографиялық жоғары оқу орындары ректорлары мен басшыларының III халықаралық отырысына қатысты.
Айтулы жиын «Түркі әлемінің дәстүрлі халық билері антологиясы» тақырыбы аясында «Лазги» III халықаралық би фестивалі шеңберінде ұйымдастырылды.
Халықаралық басқосуға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің жетекші университеттерінен арнайы өкілдер қатысты. Спикерлер өз елдеріндегі дәстүрлі халық билерін зерттеу мен дамыту бағытындағы жұмыстарын кеңінен таныстырды.
Осы тұста, ректор Жанар Темірбекова конференция қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде университеттің миссиясы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жаңадан құрылған Өнер, медиа және дизайн факультетінің қызметін таныстырды. Сонымен қатар, «Би-сұлтан» би ансамблінің жетістіктері мен шығармашылық бағыттағы табыстары кеңінен баяндады.
Айта кетерлігі, сапар барысында ректор түркі мемлекеттерінің жетекші хореографиялық ұйымдарымен өзара ынтымақтастық орнату бойынша келіссөздер жүргізді. Алдағы уақытта аталған ұйымдардың өкілдері университетке арнайы сапармен келуі жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бауырлас елдердің іргелі жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Жиын барысында «Түркі әлемінің дәстүрлі халық билері антологиясы» атты алты томдық іргелі еңбектің құрылымы талқыланып, ғылыми-әдістемелік негіздері анықталды.
Сондай-ақ, халықаралық ғылыми-редакциялық кеңес құру, университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, академиялық ұтқырлықты арттыру және халықаралық конференциялар мен фестивальдер ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар дәстүрлі халық билерін сақтау, жүйелеу және насихаттау бағытындағы жұмысты күшейту, антология материалдарын білім беру бағдарламаларына енгізу және мәдени мұраны кеңінен дәріптеу жөнінде маңызды шешімдер қабылдады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 