УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Оқу ордамызда 2025–2026 оқу жылының бітіруші курс білім алушылары мен жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Айта кетейік, жәрмеңкеге 80-ге жуық мекеме қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Оның қатарында кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер, мектептер мен өнеркәсіп орындары, Полиция департаменті, клиникалар сынды т.б. мекемелер бар.
Жиынды ашып беру үшін сөз бастаған Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова: «Бүгінгі жәрмеңке – жұмыс нарығы мен еңбек нарығын және білімді тоғыстыратын үлкен алаң деп ойлаймын.
Биыл оқу ордамызды 2620 түлек тәмамдайды. Оның ішінде 1412 – бакалавриат болса, 770-тен астам – интернатура, 280-ге жуық – резидентура, сондай-ақ докторантура мен интернатура аяқтайтын түлектер бар. Бұл көрсеткіш, яғни түлектер – еліміздің еңбек нарығына келетін үлкен күш. Сондықтан әр бітіруші түлектің мамандығы бойынша өз орнын табуына жағдай жасағымыз келеді. Осы тұста кез келген университет үшін жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату аса маңызды.
Барлық түлектерге сәттілік тілеймін. Бүгінгі жұмыс берушілердің ұсыныстары – сіздер үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан бітіруші түлектер мен оқу ордамызды қолдап келген жұмыс берушілерге алғыс айтамын!», – деді.
Келесі кезекте, жұмыс беруші ұйымдардың таныстырылымы өтті. Жұмыс берушілер тек бос орындар туралы ғана емес, жас мамандарға арналған бағдарламалары мен оқыту, қолдау жүйелері жайлы да айтты. Солардың бірі – Қазатомөнеркәсіп ұлттық атом компаниясы акционерлік қоғамының өкілдері «Ізбасар» атты бағдарламаларын таныстырды.
Ал, Түркістан облысы Полиция департаментінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы, полиция полковнигі Нариман Батаев жұмысқа қабылдау мен іріктеу талаптары жөнінде атап өтті. Жиын барысында өзге де мекемелер мен ұйымдар жас мамандарға қажетті ақпарат беріп, тұрақты жұмыс орындарына шақырды.
Жастарға арналған «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдау» сияқты өзге де мемлекеттік бағдарламаларды таныстырылды.
Сондай-ақ, Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығының басшысы Салима Мухиддинова мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған Қазақстан Республикасының азаматтарына оқуын бітіргеннен кейінгі жұмыспен өтеу міндеті туралы баяндады.
Жәрмеңке соңында бітіруші білімгерлер мен жас мамандар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан жауап алды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 