ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЛАР СЕРИЯСЫНЫҢ 3-ШІ МОДУЛІ ӨТТІ
Бүгін университетте Ғылым айлығы аясында ұйымдастырылған семинарлар сериясының 3-ші модулі «Халықаралық ғылыми жобаларға өтінімдер беру: стратегиялар мен критерийлер І» тақырыбында өтті.
Семинардың мақсаты – Erasmus+бағдарламасы бойынша жалпы ақпарат беру, бағдарлама аясында жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру жобалары және шетелдік серіктестерді тарту қабілеттері туралы ақпарат беру.
Шарада арнайы Қазақстандағы Erasmus+ кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова спикер болды.
«Erasmus+ бағдарламасын тек студенттер мен оқытушылар арасындағы ұтқырлық бағдарламасы деп қана түсінеді. Бірақ бұл — жаңсақ пікір. Бағдарлама өте ауқымды, тіпті мектеп оқушылары арасындағы алмасуды да қамтиды. Негізінен университеттің халықаралық департаментіне хабарласып, байланыста болу көптеген сұрақтардың шешімін табуға көмектеседі»,-деді Лаура Палуанова.
Спикердің айтуынша, Қазақстан мен Орта Азия елдері үшін бағдарламаның төрт бағыты қолжетімді. Атап айтқанда, Индивидтердің ұтқырлығы (Mobility of Individuals) жоғары оқу орындарының студенттерін, қызметкерлерін және оқытушыларын еуропалық университеттерге оқуға, тағылымдамадан өтуге немесе сабақ беруге жіберуді қамтиды. Жоғары білім беру әлеуетін арттыру (Capacity Building in Higher Education) бағыты жоғары білім беру жүйесін дамытуға және оның сапасын арттыруға бағытталған. Келесі Erasmus Mundus бағыты — бағдарламаның ішіндегі танымал әрі әлеуеті зор бағыттардың бірі. Jean Monnet (Жан Монне) жобасы Орта Азия елдерінің қатысуына мүмкіндігі бар төртінші бағыт.
Сондай-ақ, Халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы туралы айтты. Бұл бағдарлама Еуропалық Одақ (ЕО) университеттерімен серіктестік аясында оқытушыларға, студенттерге және әкімшілік қызметкерлерге арналғаны жөнінде, бұдан өзге бағдарламаның мақсаты мен мүмкіндіктеріне тоқталды.
Семинар соңында Erasmus+ кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова бағдарлама бойынша түсіндірме жұмыстарын бір пысықтап, тренингтер мен жаттығулар жүргізді. Нәтижесінде қатысушылар түрлі ұсыныстарын ортаға салып, өзекті мәселелерді көтерді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 