«ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ТІЛ: ТҮРКІ ЖАСТАРЫН БІРІКТІРЕТІН КҮШ» АТТЫ АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
Оқу ордамыздың Кентау кампусында Қазақ, орыс тілдері бөлімінің ұйымдастыруымен «Инновация және тіл: түркі жастарын біріктіретін күш» атты ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың мақсаты – «Қазақ тілі туыс тіл ретінде» электронды оқулығы негізінде студенттердің тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдістемелерді таныстыру.
Жиынға Академиялық мәселелер жөніндегі вице-ректоры Эльмира Идрисова мен Дайындық орталығының оқытушы-профессорлары, қызметкерлері мен тыңдаушылары қатысты.
Айта кетейік, «Қазақ тілі туыс тіл ретінде» электронды оқулығы – оқу орнымыздың Дайындық орталығының Қазақ, орыс тілдері бөлімі оқытушыларының авторлық төл туындысы.
Заманауи форматта әзірленген оқулықта тілдік біліммен қатар ұлттық құндылықтар, мәдениет пен рухани мұра кеңінен қамтылған. Сонымен қатар, бейнематериалдар мен интерактивті тапсырмалар арқылы білім алушылардың тілдік құзыретін жан-жақты дамыту көзделген.
Шараға түркі дүниесінен келіп, білім алып жүрген студенттер қатысып, қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізді. Ашық сабақта тіл үйренудің тәжірибелік тәсілдері көрсетіліп, студенттердің коммуникативтік қабілеттерін дамытуға басымдық берді.
Сабақ барысында сөйлеу әрекетінің төрт түрі – оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым бойынша түрлі тапсырмалар орындалып, рөлдік ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, сахналанған көріністер мен практикалық жұмыстар тілдің тек теориялық білім емес, шынайы қарым-қатынас құралы екенін көрсетті.
Жиын тіл мен инновацияны ұштастыра отырып, түркі жастары арасындағы рухани және мәдени байланысты нығайтуға бағытталған мазмұнды алаңға айналды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 