ҰЛТТЫҚ БИ ӨНЕРІН ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КӨРМЕ ӨТТІ
Оқу ордамызда Өнер, медиа және дизайн факультеті, Орындаушылық өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Шара Жиенқұлованың шығармашылығы мен өнері» атты көрме өтті.
Жиынның мақсаты – КСРО халық әртісі, күллі қазақтың өнер көкжиегіндегі жарық жұлдызы, Қазақстанның халық әртісі, қазақ би өнерінің падишасы Шара Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлттық би өнеріне деген қызығушылықты арттыру және жас ұрпаққа қазақ мәдениетінің құндылықтарын насихаттау.
Көрме аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстан Республикасының мәдениет үздігі, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, Өнер магистрі, PhD докторы, MBA магистрі Арман Нұрмахаматұлы мен ҚР құрмет орденінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі, хореограф Серік Сариев студенттерге арнайы шеберлік сабағын өтті.
Кездесу барысында студенттерімізге Шара Жиенқұлованың өнер жолы мен қазақ би өнерінің дамуына қосқан үлесі жайында кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар, көрмеде Серік Сариевтің ұсынысымен Астана, Ақтау және Атырау қалалары дизайнерлерінің Шара Жиенқұлованың сахналық образдары негізінде дайындаған арнайы киім үлгілері көрсетілді.
Жиын соңында университетіміздің Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов танымдық кездесудің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, қонақтарға арнайы алғыс білдірді.
Сондай-ақ, қадірлі қонақтарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыстады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 