ОҚУ ОРДАМЫЗҒА ТҮРКИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ
Университетімізге Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) мемлекет басшылары кеңесінің бейресми саммиті аясында Түркия Республикасының министрлері мен депутаттары арнайы келді.
Қонақтар қатарында – Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, Түркия Республикасының Ұлттық білім министрі Юсуф Текин, Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр, Сауда министрі Өмер Болат, «AK Parti» Ақпарат және коммуникациялық технологиялар бөлімінің төрағасы Өмер Ілері, парламенттік топ төрағасының орынбасары Лейла Шахин Уста және басқа да мәртебелі меймандар болды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов қатысты.
Сонымен қатар, делегация құрамында Түркия Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Малик Гөргүн, Anadolu агенттігі бас директоры Сердар Карагөз және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің төрағасы Абдуллах Эрен бар.
Айта кетейік, Қазақстанның төрағалығымен Түркістан қаласында өтіп жатқан саммиттің басты мақсаты – тек пікір алмасу ғана емес, нақты бастамалар мен жобаларға жол ашу. Мемлекеттік басқаруды цифрландыру, экономиканы әртараптандыру және инновациялық экожүйе қалыптастыру бағыттарында ортақ саясат жүргізу – күн тәртібіндегі маңызды міндеттердің бірі.
Оқу ордамызға арнайы ат басын бұрған құрметті қонақтарды Өкілетті Кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшек пен ректор Жанар Темірбекова бастаған вице-ректорлар қарсы алды. Қонақтар ең алдымен «Атамекен» ұлт аспаптар фольклорлық ансамблінің күмбірлеген күйін тыңдап, ерекше әсер алды.
Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, ғылым мен білім саласындағы бірлескен бастамалар төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбіді.
Сонымен қатар, түркі жұртының ортақ білім шаңырағына айналған Ясауи университетінің тарихы, бүгінгі жетістігі және алдағы даму жоспарлары туралы кеңінен сөз қозғалды.
Кездесу соңында мәртебелі меймандар жылы қабылдау көрсеткен университет басшылығы мен ұжымына алғыстарын білдірді
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 