ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ
Университетімізде «Нашақорлыққа, лудоманияға, буллингке қарсы ақпараттық-профилактикалық іс-шара» тақырыбында кездесу өтті.
Басты мақсат – білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттердің зардаптарын түсіндіру, сондай-ақ жастарды заң мен тәртіп қағидаларын сақтауға шақыру, әрі құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Жиын спикерлерінің қатарында Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Е. Төлегенов және учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Қ. Битуреев пен Б. Мұса бар. Олар студенттермен пікір алмасып, өз тәжірибелері мен ойларын ортаға салды.
Спикерлер жастарға қоғамдағы жауапкершіліктің маңызын түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыру қажет екенін жеткізді.
Кездесу барысында нашақорлық, лудомания және буллингтің қоғам мен жас ұрпақ тәрбиесіне тигізетін кері әсерлері кеңінен талқыланды.
Жастар ашық пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Айтулы іс-шара қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге үндеді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 