ҚАЖЫБЕК БЕКБОСЫНОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
Бүгін оқу ордамызда қазақтың дәстүрлі ән өнерінің дарабозы, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Қажыбек Бекбосыновты еске алуға арналған кеш өтті. Өнерім – өмірім деп өткен дәстүрлі әнші көзі тірі болса, 80 жасқа толар еді.
Тағылымды шараны «Өнер, медиа және дизайн» факультетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасы ұйымдастырды. Кешке әншінің көзін көрген әріптестері, шәкірттері, факультет оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кештің негізгі мақсаты – өнер иесінің өмір жолын, шығармашылығын насихаттау және жас ұрпаққа ұлттық өнердің құндылығын дәріптеу.
Қазақстанның Халық әртістері Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебековтен тәлім алған Қажыбек Бекбосынов 2004 жылы оқу ордамызға келіп, өмірінің соңғы күндеріне дейін абыройлы қызмет етті.
Әуелі дәстүрлі өнерде өзіндік орны бар Қажыбек Бекбосыновқа құран бағыштады. Әншінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы естеліктерге толы бейнероликті көрсетті.
«Өнер, медиа және дизайн» факультетінің ұжымы ұлы тұлғалардың мектебінен дәріс алған әншінің өнері мен ұстаз ретіндегі тағылымы туралы ойларын ортаға салды.
Іс-шара барысында өнер иесінің алғашқы шәкірттері Бөкенбай Жұмаділлә, Рүстемов Аязбек Қажыбек Бекбосыновтың қазақтың дәстүрлі ән өнеріне қосқан зор үлесін кеңінен айтып, оның орындаушылық шеберлігі мен өнегелі ғұмыры туралы естеліктерін бөлісті.
Сондай-ақ, Аязбек Рүстемов университет кітапханасына және «Өнер, медиа және дизайн» факультетіне кітаптарын сыйға тартты.
Шара барысында шәкірттері мен жас өнерпаздар «Гүл гүл жайна», «Майраның аты – Майра» әндерін шырқады. «Балбырауын» күйін орындады. Рухани кеш әсерлі атмосферада өтті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы, Дінтану кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті даму және үйлестіру департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 