УНИВЕРСИТЕТ СПОРТШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Спортшыларымыз Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен жоғары оқу орындары арасындағы Республикалық Студенттік спорт лигасында жүлделі орындарға ие болды.
Додаға еліміздің 48 жоғары оқу орнынан 1093 спортшы қатысты. Нәтижесінде, университетіміздің құрамасы бірнеше спорт түрінен бақ сынап, үздіктер қатарынан көрінді.
Атап айтқанда, баскетболдан университетіміздің қыздар құрамасы І орынды жеңіп алып, чемпион атанды.
Қазақ күресі бойынша спортшыларымыз 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте III орынға табан тіреді. 74 келі салмақта өнер көрсеткен Марғұлан Талғатұлы мен Дінмұхамет Ергешбаев 90 келіден жоғары салмақта белдесіп, алтын медальді иеленді. Ал, 82 келі салмақта Ғалымжан Нұрмет күміс медальді қанжығасына байласа, қыздар арасында 75 келіден жоғары салмақтағы бәсекеде Жанель Асан қола медальді місе тұтты.
Республикалық студенттік спорт лигасында волейболдан қыздар командасы III орынға ие болды. Шахматтан сынға түскен Мухаммад Бакиров пен Абылайхан Тастанбек және тоғызқұмалақ сайысына қатысқан Диас Жасұзақ та 3-орынды иеленді.
Сондай-ақ, волейболдан Нұрай Жұмағұл мен баскетболдан Венера Сидабдураманова мен Анель Әсілбек «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
Спортшыларымыздың айтулы жетістіктері құтты болсын! Алдағы бәсекелеріне сәттілік тілейміз.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 