ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ҰСТАЗ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Оқу ордамыздың Бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы, «Мәдениет саласының үздігі» медалінің иегері Мереке Айдарша Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің XIV кеңейтілген отырысында Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған бейресми саммитті жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, Мереке Айдарша саммит аясында ұйымдастырылған Қолөнер орталығында өзінің жеке көрмесін ұсынып, түркі халықтарының дәстүрлі қолөнері мен ұлттық құндылықтарын шетелдік қонақтарға кеңінен таныстырды.
Көрмеде автор ұлттық нақыштағы туындылары мен қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мереке Айдаршаға марапатты арнайы табыстады. Бұл марапат – ұстаздың мәдениет пен өнер саласындағы ұзақ жылғы еңбегі мен ұлттық қолөнерді насихаттауға қосқан зор үлесінің нәтижесі.
Осылайша, облыс әкімі Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқан өзге де азаматтарға Мемлекет басшысының ыстық ықыласын жеткізіп, мемлекеттік наградалар мен Алғыс хаттарды ұсынды.
Марапат иесін шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы, Дінтану кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті даму және үйлестіру департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 