AYU IT БАЛАЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
Жоба аясындағы алғашқы курс "Балаларға арналған Python бағдарламалау және Робототехника негіздері" тақырыбы аясында өтті.
Курстың басты мақсаты - балаларға Python бағдарламалау негіздерін және робототехника негіздерін үйрету ғана емес, сонымен қатаролардың логикалық ойлауын, есептерді шешугешығармашылық көзқарасын, сондай-ақкомандада жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Оқу орнымыздың IT саласындағы игі бастамасына бағдарламалау мен робототехникаға қызығушылығы жоғары 7-12 жас аралығындағы балалар қатысты.
Осылайша, 21 оқушы 3 айға созылған курс нәтижесінде материалды игерудің жоғары деңгейін көрсетіп, практикалық тапсырмаларды сәтті орындады және қорытынды сабақта тестілеуден өтті.
Бүгін университет ректоры Жанар Темірбекова және ректор өкілі Наджи Генч курсты сәтті аяқтаған оқушыларға арнайы сертификаттар табыстады.
Университет басшылары оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, алған білімдері ақпараттық технологиялар мен инженерия саласында табысқа жетуге көмектеседі деген сенімін білдірді. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға және олардың ата-аналарына белсенді қатысқаны мен қолдағаны үшін алғыс айтты.
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
# 21. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 