СТУДЕНТІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАКАТОНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Оқу ордамыздың Физика мамандығының 1-курс студенті Бекарыс Тулеутаев National Solana Hackathon сайысында жүлделі ІІІ орынды иеленіп, 2000 АҚШ доллар көлемінде қаржылай сыйақыға ие болды.
Аталған сайысты Solana Superteam KZ ұйымы ұйымдастырды. Байқау барысында қатысушылар Web3, блокчейн және цифрлық технологиялар негізінде қоғамға пайдалы инновациялық шешімдер ұсынды.
Студентіміз әзірлеген «Zhasyl.kz» жобасы – экологиялық бастамаларды Solana блокчейн технологиясы негізінде біріктіретін Web3 платформасы. Платформада қолданушылардың табиғатты қорғауға бағытталған іс-әрекеттері блокчейн жүйесінде тіркеліп, ашық әрі өзгертілмейтін түрде расталады.
Жобаның инновациялық идеясы, әлеуметтік маңызы және технологиялық шешімдерінің өзектілігі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, нәтижесінде National Solana Hackathon сайысында жүлделі орынға лайық деп танылды.
Жобаның ғылыми жетекшісі – Физика кафедрасының доценті PhD, қауымдастырылған профессор Шерзод Раманкулов.
Айта кетейік, Бекарыс Тулеутаев AP22784343 «Мектеп – Университет – Өнеркәсіп» серіктестігі жағдайында пәнаралық STEM білім беру моделінің сабақтастығын іске асыру» атты гранттық жобасының орындаушысы.
Университет абыройын асқақтатып, жеңімпаз атанған студентімізді құттықтай отырып, сәттілік пен табыс тілейміз!
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 