ГАРВАРД ЖӘНЕ ИНДИАНА УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Оқу ордамызда Гарвард және Индиана университеттерінің жетекші ғалымдарының қатысуымен ғылыми семинар ұйымдастырылды. Басқосуға Гарвард университетінің Ұйғыр/Шағатай тілдері бағдарламасының директоры, PhD Гүлнар Эзиз Юлгун мен Индиана университетінің Таяу Шығыс, Ислам және Орталық Еуразия зерттеулері кітапханасының маманы, PhD Акрам Хабибулла қатысты.
Іс-шара модераторы – Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Халил Четин болды.
Жиынды ашып беру үшін сөз бастаған Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу: «Құрметті оқытушылар мен студенттер! Бүгін ортамызда белгілі ғалым қонақтарымыз отыр. Екі ғалым да Түркология зерттеу алаңында терең білімге ие мамандар. Сондықтан, бұл кездесудің Түркология саласына қызығушылық танытқан қатысушылар үшін берері мол деп ойлаймын. Әрі, ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуларына үлкен мүмкіндік беретініне сенемін»,-деді.
Келесі кезекте, Гарвард университетінің Ұйғыр/Шағатай тілдері бағдарламасының директоры, PhD Гүлнар Эзиз Юлгун «Қолжазбатану және сандық гуманитарлық ғылымдар: Джарринг жинағының жағдайын зерттеу» тақырыбында баяндама оқыды. Спикер сирек қолжазбаларды зерттеудің заманауи әдістерін таныстырды.
Ал, Индиана университетінің Таяу Шығыс, Ислам және Орталық Еуразия зерттеулері кітапханасының маманы, PhD Акрам Хабибулла «Оңтүстік Қазақстандағы интеллектуалдық және діни өмір тарихынан» тақырыбын қозғады. Ол өңірдің рухани-мәдени мұрасына қатысты ғылыми тұжырымдарын ортаға салды.
Семинар барысында қолжазбатану, сандық гуманитарлық ғылымдар және Оңтүстік Қазақстанның интеллектуалдық әрі діни өмір тарихына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар, семинар аясында шетелдік ғалымдар университет кампусымен танысты. Қонақтар Мәдениет орталығы мұражайын, кітапхананы, Академиялық және зерттеу үстемдік орталығын аралады. Сондай-ақ, Жаратылыстану ғылымдары, нанотехнология және жаңа материалдар ғылыми-зерттеу институтының зертханалары мен STEM Park жұмысын көрді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 