ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛАНЬЧЖОУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ
Оқу ордамызға Қытай Халық Республикасының Ланьчжоу университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында Орталық Азияны зерттеу институтының және Саясаттану және халықаралық қатынастар мектебінің профессоры Цзяо Ицян, Ланьчжоу университетінің Орталық Азияны зерттеу институтының профессорлары Чжан Хунли мен Чжан Юйян, сондай-ақ Шихэцзы университетінің Шетел тілдері мектебінің қауымдастырылған профессоры Чан Сяньмин бар.
Сапардың негізгі мақсаты – екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми-академиялық байланысты нығайту, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылау және Орталық Азиядағы өңірлік даму үдерістері бойынша тәжірибе алмасу.
Құрметті қонақтар Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу мен Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фуркат Дадажановпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өз университеттерінің тарихы, білім беру жүйесі, ғылыми жетістіктері және халықаралық серіктестік бағыттары туралы таныстырып, болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Айта кетейік, Ланьчжоу университеті – Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет физика, химия, атмосфералық ғылымдар, география, информатика, биология, математика, медиа және экология бағыттары бойынша жоғары деңгейдегі білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танымал. Бүгінде онда 40 мыңнан астам студент білім алады.
Жиын соңында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылап, байланыстарды нығайтуға ниетті екенін білдірді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 