ОҚУ ОРДАМЫЗДЫҢ «BILIG» ЖУРНАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТЕГІ ПОЗИЦИЯСЫН НЫҒАЙТТЫ
Университетіміздің белгілі ғылыми басылымы – «Bilig» («Біліг») журналы халықаралық академиялық кеңістіктегі беделін арттыруды жалғастыруда.
Биыл журнал беделді халықаралық ғылыми дерекқорлардағы көрсеткіштерін жақсартып, маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Web of Science дерекқорында Аймақтық зерттеулер бағыты бойынша Q3 квартиліне, ал Scopus дерекқорында Өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша Q2 квартиліне ие болды. Бұл жетістіктер журналдың халықаралық ғылыми дерекқорлардағы беделін арттыра түсті.
Айта кетейік, «Bilig» («Біліг») журналы 1996 жылдың 15 ақпанынан бері тұрақты түрде жарық көреді. ISSN 1301-0549 халықаралық тіркеу нөміріне ие басылым жылына төрт рет жарияланады. Журналдың негізгі ғылыми бағыты – Түркі дүниесінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдары.
Басылым түрік, ағылшын және орыс тілдерінде шығарылады. Сондай-ақ, журнал Түркі дүниесіне қатысты гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы жетекші ғылыми платформалардың бірі. Журнал 2008 жылдан бастап Scopus, ал 2010 жылдан бастап Web of Science библиометриялық дерекқорларына енгізілген.
Бұл жетістіктер – редакциялық алқа мүшелері мен рецензенттердің, авторлар мен оқырмандардың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Халықаралық ғылыми қауымдастықтағы ықпалы артып келе жатқан журнал алдағы уақытта да сапалы зерттеулерді жариялау арқылы түркі әлемінің ғылыми мұрасын насихаттауға және академиялық ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қоса бермек
М.О.Беркинбаевтің философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Лингвистикалық орталығы мен Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А,Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды 