УНИВЕРСИТЕТТЕ «ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ СТАТИСТИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін оқу ордамызда «Ғылыми зерттеулердегі статистика-математикалық әдістерді қолдану мәселелері» атты ғылыми семинар өтті.
Аталған шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ГФ AP23488200 – «Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық үрдістерін пәнаралық зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері: статистика-математикалық әдістер, компьютерлік технологиялар» ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – қатысушыларға экономикалық-математикалық модельдеу, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді болжау, демография және агробизнес салаларындағы ғылыми зерттеулердің заманауи әдіснамасын таныстыру. Сондай-ақ, мақалада корреляциялық кесте құру, корреляция-регрессиялық талдау алгоритмдері және экономикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану ерекшеліктері жөнінде білімдерін кеңейту.
Семинарға факультет декандары, оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Жиынды академиялық мәселелер жөніндегі вице-ректор Эльмира Идрисова ашып, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахила Рахметованы таныстырды. Ол құрметті қонаққа уақыт бөліп келгені үшін алғыс айтып, мұндай ғылыми кездесулердің жас зерттеушілердің кәсіби дамуы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Семинар барысында Қазақстан жағдайындағы ғылыми зерттеулерде статистика-математикалық әдістерді қолданудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.
Спикер қазіргі заманғы ғылыми әдістемелерге тоқталып, «Әлеуметтік-экономикалық зерттеулерде көпөлшемді статистикалық талдауды қолдану әдіснамасы: кластерлік талдау, диагностика», «Агроөнеркәсіптік кешендегі бизнес-процестерді экономикалық-математикалық модельдеу әдіснамасы», «Әлеуметтік-экономикалық үдерістерге эконометрикалық зерттеу жүргізу әдіснамасы» және басқа да оқу құралдарының ғылыми маңызы туралы кеңінен баяндады.
Кездесу аясында профессор Рахила Рахметова өзінің авторлығымен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген 23 дана кітапты университет кітапханасының қорына сыйға тартты.
Семинар соңында қатысушылар мен жас зерттеушілер спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге бағытталған құнды кеңестер алды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 