«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАҢАРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Бүгін оқу ордамызда «Түркі әлемінің жаңару кезеңіндегі интелектуалдық қозғалыстар» атты халықаралық симпозиумы өз мәресіне жетті.
Ғалымдардың басын қосқан іс-шара университетіміз бен Ван Юзүнджү Йыл университетінің бастамасымен, сондай-ақ, Түркістан облысы әкімдігі, Қырғыз-Түрік Манас университеті мен Анкара әлеуметтік ғылымдар университеттерінің қолдауымен өтті.
Симпозиумда: Түркістан, Астана, Ташкент, Ашхабат, Хиуа, Талас, Сырдария, Каспий, Өтүкен, Алтай секциялары мен онлайн секциялар жұмыс істеді.
Айтулы жиынға еліміз бен Түркия Республикасынан және басқа да түркітілдес мемлекеттерден ғалымдар мен оқытушы-профессорлар қатысты. Олардың қатарында Түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор, докторы Ислам Жеменей, Өзбекстан Ғылым академиясы Әли Шера Науаи мұражайының директоры Жаббор Ешенкул, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясы Фольклор институтының директоры Мұхтар Казымоулы-Иманов және т.б бар.
Секцияларда түрлі маңызды тақырыптар қозғалып, ғалымдар өз пікірлері мен зерттеулерін ортаға салды. Атап айтқанда: Түркі әлемінің жаңару кезеңіндегі ортақ терминология қалыптастыру мәселесі және тілдік мүмкіндіктер, Абай Мұрасы – Оқушының Тілдік Тұлғасын Қалыптастырудың Негізі, Түрікшілдік Осман империясындағы жаңару кезеңіндегі интеллектуалдық қозғалыс ретінде және Намық Кемал хаттарындағы түрік тілін қабылдау, Түркі Тілдеріндегі Фразеологизмдер Және Олардың Зерттелуі, Түркі тілдеріндегі сан компонентті фразеологизмдердің ұлттық танымдық сипаты (қазақ-түрік-қырғыз тілдері негізінде) сияқты т.б тақырыптармен толықты.
Осылайша түркі елдерінен жиылған зерттеушілер мен ғалымдар түркі әлемінің күн тәртібіндегі ортақ мәселелерінің шешімдерін іздеп, пікір алмасты. Түркі жұртшылығының мәдени мұрасы мен тарихы, өнері мен ғылымын саралап, ұсыныстары мен ой толғауларын жеткізді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 