УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ СЕМИНАР ӨТКІЗУДЕ
Оқу ордамызда халықаралық сарапшы, доцент Севги Гезиджидің қатысуымен «Молекулалық онкология және қатерлі ісік генетикасы: биомаркерлер және зерттеу логикасы» тақырыбында ғылыми семинар өтіп жатыр.
Шараның мақсаты – халықаралық сарапшының кәсіби бағытына сәйкес университеттің молекулалық-генетикалық және геномдық зерттеулерін дамыту, зертханалық базаның практикалық мүмкіндіктерін бағалау, Illumina секвендеу жабдығын қолдануға дайындық қадамдарын нақтылау және NGS/WES деректерін бастапқы түсіндіру бойынша ішкі жұмыс алгоритмін қалыптастыру.
Жиынға профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, докторанттар мен зерттеушілер қатысуда.
Семинар барысында молекулалық онкология саласындағы заманауи зерттеулер, қатерлі ісік генетикасындағы биомаркерлердің рөлі, ғылыми зерттеу сұрағын дұрыс қалыптастыру және молекулалық нәтижелерді ғылыми жобаға айналдыру жолдары талқыланады.
Сонымен қатар, қатысушылар жаңа буын секвендеуі (NGS/WES) алдындағы зертханалық дайындық кезеңдері бойынша тәжірибе алмасып, молекулалық диагностика саласындағы өзекті мәселелерді қарастыруда.
Алдағы күндері семинар аясында апоптоз және жасушалық сигнализация механизмдері, табиғи қосылыстардың биологиялық әсерін бағалау, qPCR технологиясын қолдану, NGS/WES деректерін бастапқы талдау, протеомика, фармацевтикалық биотехнология және қолданбалы биоинформатика мәселелері кеңінен қарастырылмақ.
Шара қатысушылары молекулалық зерттеулерді ұйымдастырудың практикалық қырларымен танысып, алынған нәтижелерді талдау және ғылыми жұмыстарда қолдану бойынша да тәжірибе алмасады.
Аталған семинар университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға және молекулалық диагностика мен геномдық зерттеулер саласындағы жаңа бастамаларды дамытуға ықпал етеді.
Айта кетейік, семинар 27-маусымға дейін жалғасады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 