УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ СТАМБУЛ ҚАЛАСЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
Оқу ордамыздың ректоры Жанар Темірбекова Түркия Республикасына жасаған іс-сапары аясында Стамбул қаласының губернаторы Давут Гүлмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты. Өз кезегінде Давут Гүл Түркістан өңіріне ыстық ықыласын білдіріп, сәлем жолдады.
Сондай-ақ, сапар барысында ректор Джеррахпаша атындағы Стамбул мемлекеттік университетінің ректоры Нури Айдынмен кездесті.
Аталған университет оқу ордамыздың маңызды халықаралық серіктестерінің бірі саналады. Айта кетейік, Джеррахпаша атындағы Стамбул мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары оқу ордамызбен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мәселен, балалар урологы, профессор Юнус Сойлет, невропатолог дәрігері, профессор доктор Харун Жансыз бен профессор, гастроэнтеролог Абдуллах Сонсуз сынды білікті мамандар тәжірибе алмасып, медицина саласындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың дамуына үлес қосып келеді.
Ректорлар өзара жүздесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, академиялық байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Сапар аясында Жанар Темірбекова Джеррахпаша атындағы Стамбул мемлекеттік университетінің ислам өркениетіне байланысты «Аср-и Саадат дәуірінен бүгінгі күнге дейін» көрмесіне қатысты.
Сонымен қатар, ректор университеттің спорт саласындағы жетістіктерімен танысып, су спорты орталығында болды. Қос тарап болашақта спорт және өнер бағыттары бойынша да ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.
Іс-сапар аясында ректор Жанар Темірбекова Джеррахпаша атындағы Стамбул мемлекеттік университеті Стоматология факультетінің жаңа ғимаратының капсуласын салу рәсімінің де құрметті қонағы болды. Аталған шараға Стамбул қаласындағы жоғары оқу орындардың басшылары мен ресми тұлғалар қатысты.
Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бұл кездесу екі университет арасындағы серіктестік байланыстарды одан әрі нығайтып, білім мен ғылым саласындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Тараптар өзара тиімді әріптестікті жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 