ШЕТЕЛДЕ ТАБЫСҚА ЖЕТКЕН ТҮЛЕКТЕР БИЫЛҒЫ БІТІРУШІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Университеттің әр жылдардағы шетелдік түлектері биылғы бітіруші жастармен кездесіп, кәсіби қалыптасу жолы, халықаралық тәжірибесі және еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы ой бөлісті.
Таңғы ас форматында өткен басқосуға университетіміздің 1999 жылғы Медицина факультетінің түлегі Фатих Арач пен 2008 жылғы Компьютерлік инженерия мамандығының түлегі Ясин Таха Желилоғлу, жауапты хатшы м.а. Эндер Сайын, Түлектер қауымдастығының үйлестірушісі Мәриям Асанова мен бітіруші түлектер қатысты.
Шара барысында қонақтар студенттік шақтағы естеліктерін бөлісіп, кәсіби қалыптасу жолы, халықаралық тәжірибесі мен жетістіктері жайында баяндады.
Сондай-ақ, бітіруші түлектердің сұрақтарына жауап беріп, мансапты дұрыс жоспарлау, үздіксіз білім алу және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болудың маңызы жөнінде құнды кеңестер айтты.
Айта кетейік, түлегіміз Фатих Арач бүгінде Түркия Республикасының Ерзурум қаласындағы Орталық ауруханада гемодиализ дәрігері болып қызмет атқарады. Ол денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, мол кәсіби тәжірибе жинақтаған. Кездесу барысында медицина саласындағы еңбек жолы туралы айтып, жас мамандарға кәсіби даму, адам өміріне деген жауапкершілік және дәрігер мамандығы туралы ой қозғады.
Ал, Ясин Таха Желилоғлу – еңбек жолында ақпараттық технологиялар мен қаржылық технологиялар (FinTech) саласында мол тәжірибе жинақтаған маман. Қазір халықаралық жүйелік интегратор әрі бұлттық қызметтер операторы ICONIC компаниясының бас директоры қызметін атқарады. Сонымен қатар, Ресей мен Түркия арасындағы іскерлік және технологиялық байланысты дамытуға елеулі үлес қосып жүрген кәсіпкер ретінде танылған. Ол «2024 жылдың үздік тұлғалары» сыйлығының иегері әрі цифрлық даму саласындағы көшбасшылығы үшін халықаралық марапаттарға ие болған.
Осылайша, оқу ордамыздан түлеп ұшып, өз салаларында айтулы жетістіктерге қол жеткізген түлектер биылғы бітіруші түлектерге ақыл-кеңестерін айтып, ақ жол тіледі.
Шара соңында оқу ордамыздың атынан қонақтарға қазақтың дәстүрі бойынша шапан жауып, естелік суретке түсті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Лингвистикалық орталығы мен Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
№1 Қыздар жатақханасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультеті оқытушы-профессорлар құрамына онкурс жариялайды
Қ.А,Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті мен Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А,Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультетіне кафедра меңгерушілер мен оқытушы-профессорлар құрамына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды 