УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМЫ ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Университетімізге қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Альбина Мұратбекова 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы атанды.
Ғалымымыздың АР32318609 «Қазақстанның сыртқы саясатындағы Оңтүстік-Шығыс Азия» («Юго-Восточная Азия во внешней политике Казахстана») атты ғылыми жобасы мемлекеттік гранттық қаржыландыруға ие болды.
Жобаның мақсаты – Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қатысты Қазақстанның сыртқы саясатын кешенді түрде зерттеу, екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара іс-қимылдың басымдықтары мен тетіктерін айқындау, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азияның Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясындағы рөлін ғылыми тұрғыдан түсінуді тереңдету.
Айта кетейік, ғылыми жобаның жалпы қаржыландыру көлемі 74 210 480 теңгені құрайды.
Альбина Мұратбекованы айтулы ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – кәсіби біліктілік пен табанды еңбектің, ғылыми ізденістің жемісі. Алдағы уақытта жобаның табысты жүзеге асырылып, отандық ғылымның дамуына және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың нығаюына зор үлес қосуына тілектеспіз!
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 