ТҮЛЕКТЕРІМІЗДІҢ СӘН ТОПТАМАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОДИУМДА
Қаламызда өткен халықаралық «Pandora Vita Turkistan» Fashion Week сән апталығында оқу ордамыздың Өнер, медиа және дизайн факультетінің оқытушысы мен бітіруші түлектері өздерінің авторлық сән топтамаларын көпшілік назарына ұсынды.
Халықаралық сән жобасы аясында Қазақстанның әр өңірінен келген дизайнерлер ұлттық нақыш пен заманауи сән үрдістерін ұштастырған шығармашылық жұмыстарын таныстырды. Осы алаңда университетіміздің Бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы Меруерт Сейсембекованың авторлық топтамасымен қатар, Дизайн мамандығының 2025-2026 оқу жылының бітіруші түлектері Дурдона Рүстембаева, Әсем Сұлтанбекова мен Аружан Тұрсынханованың дипломдық коллекциялары да көрсетілді. Айта кетейік, студенттеріміз дайындаған жобалардың жетекшісі – Бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы Меруерт Сейсембекова болды.
Жас дизайнерлердің дипломдық жұмыстары шығармашылық ізденісімен, кәсіби шеберлігімен және сән индустриясына деген өзіндік көзқарасымен ерекшеленді. Әрбір топтамада ұлттық құндылықтар заманауи дизайн шешімдерімен үйлесім тапты.
Айта кетейік, «Pandora Vita Turkistan» Fashion Week – түркі халықтарының мәдени мұрасын, сән өнері мен заманауи дизайнды дәріптеуге бағытталған халықаралық сән жобасы. Іс-шараға қазақстандық және шетелдік дизайнерлер, сән сарапшылары қатысты.
Халықаралық сән апталығына қатысу студенттеріміз үшін шығармашылық әлеуетін кең аудиторияға таныстыруға, кәсіби тәжірибе жинақтауға және сән индустриясы өкілдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
# 21. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 