СТУДЕНТІМІЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
Университетіміздің студенті, таеквандошы Мақсат Орынбасар Корея Республикасының Учунчхон қаласында өткен Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрама сапында ел намысын абыроймен қорғады.
Байрақты бәсеке 2026 жылғы 14-16 шілде күндері аралығында ұйымдастырылды. Спортшы студентіміз Қазақстан ерлер құрамасының командалық есепте күміс жүлдеге ие болуына өз үлесін қосты.
Айта кетейік, турнирге 13 елдің өкілдері қатысты. Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда Марокко құрамасын тізе бүктірді. Ал, жартылай финалда ресейліктерден басым түсті. Соңғы сәтте қытайлықтарға 0:2 есебімен есе жіберіп алды.
Университетіміздің абыройын асқақтатып, халықаралық додаларда көзге түсіп жүрген студентіміз Мақсат Орынбасарды және Қазақстан ерлер құрамасын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен күш қайрат, қайсар рух тілейміз!
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
# 19. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды 