ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркияға жазғы мектепке барған студенттеріміз оқу орнымыздың Анкарадағы бас кеңсесінде Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшекпен кездесті.
Кездесу барысында сөз сөйлеген Өкілетті Кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшек университетіміздің түркі әлемін біріктірудегі ерекше рөліне тоқталды. Ортақ тарих пен мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп өскен жастардың болашақта өз елдері арасындағы берік байланысты нығайтатын тұлғалар болатынын атап өтті.
«Қожа Ахмет Ясауидің тағылымымен тәрбиеленіп жатқан сіздер – түркі дүниесінің ең үлкен байлығысыздар. Бұл жазғы мектеп тек академиялық бағдарлама ғана емес, сонымен қатар ортақ болашағымыздың, бауырластығымыздың және бірлігіміздің негізі қаланатын маңызды кездесу. Осында қалыптасқан достық пен алған білімдеріңізді өз елдеріңізге апарып, түркі әлемінің ықпалдастығына зор үлес қосатындарыңызға сенемін», - деді.
Жылы әрі еркін форматта өткен кездесуде студенттер Түркияда болған уақыт ішінде жинаған тәжірибелері және академиялық жетістіктері туралы айтты. Бағдарламаның алғашқы кезеңі болған Чанаккале, Бурса сынды тарихи қалаларға мәдени сапардан алған әсерлерін, сондай-ақ алдағы академиялық дәрістердің өздеріне берер мүмкіндіктерін ерекше атап өтті.
Жазғы мектеп қатысушылары керемет мүмкіндік ұсынып, қолдау көрсеткен университет басшылығына алғыстарын білдірді.
Кездесу соңында профессор Мұхиттин Шимшек студенттерге сәттілік тілеп, естелік суретке түсіп, арнайы сыйлықтар табыс етті.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 