ОҚУ ОРДАМЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ
24 - 26 шілде аралығында Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласында «EKET FAIRS University Preference Fair 2026» атты XV халықаралық білім беру көрмесі өтті.
«Study in Kazakhstan» жобасы аясында ұйымдастырылған халықаралық іс-шара Қазақстанның жоғары оқу орындарын халықаралық білім беру кеңістігінде танытуға, шетелдік талапкерлерді тартуға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және университеттер арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталды.
Көрмеге оқу ордамыздың делегациясы да қатысып, талапкерлер мен олардың ата-аналарына университеттің білім беру бағдарламалары, ғылыми-зерттеу әлеуеті, халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері және студенттерге ұсынылатын академиялық артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Айта кетейік, делегациясы құрамында Әлеуметтік-мәдени және даму вице-ректоры Еділ Төлегенов пен Даму және үйлестіру департаментінің директоры Мурат Келеш болды.
Үш күнге созылған көрме оқу ордамыздың халықаралық деңгейдегі білім беру бағдарламалары мен Түркі әлеміндегі беделін кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді.
Аталған халықаралық көрме Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары білім саласындағы байланыстарды нығайтуға, халықаралық академиялық серіктестікті кеңейтуге және университеттің шетелдік талапкерлер арасындағы танымалдылығын арттыруға ықпал етті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 