ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕР МЕН ТУЫСТАС ҚАУЫМДАСТЫҚ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ ӨТТІ
Оқу ордамыздағы Дайындық орталығына 2026–2027 оқу жылына талапкер қабылдау аясында Қырғызстанның Бішкек, Өзбекстанның Ташкент және Әзербайжанның Баку қалаларында дәстүрлі офлайн қабылдау емтиханы өтті.
Қабылдау емтиханын өткізу мақсатында университетімізден арнайы барған өкілдер талапкерлердің білім деңгейін бағалап, емтихан үдерісін белгіленген талаптар бойынша ұйымдастырды.
Нәтижесінде, қабылдау емтиханы ашықтық, әділдік және академиялық адалдық қағидаттарына сай өтті.
Университетімізде білім алуға ниет білдірген талапкерлердің белсенділігі әдеттегідей жоғары болды.
Айта кетейік, түркі тілдес өзге елдер мен туыстас қауымдастықтардан құжат тапсырған талапкерлер үшін онлайн форматтағы қабылдау емтиханы 2026 жылғы 30 шілдеде өтеді.
Онлайн емтиханнан сәтті өткен талапкерлер Дайындық орталығында қазақ, түрік және өзге де тілдерді меңгереді.
Бір жылдық оқуды сәтті аяқтаған Дайындық орталығының тыңдаушылары, университеттің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу мүмкіндігіне ие болады.
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
# 21. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 