ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛМАСУ БАҒДАРЛАМАСЫ: РЕКТОР ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова халықаралық кәсіби алмасу бағдарламасы аясында Клиника-диагностика орталығында тәжірибеден өтуге келген шетелдік студенттермен кездесті.
Кездесуге Латвия, Индонезия, Италия және Румыниядан келген төрт студент қатысты. Олар IFMSA/KazMSA ұйымының SCOPE (Professional Exchange Program) бағдарламасы аясында Түркістанда бір ай бойы кәсіби тәжірибе жинақтап жүр.
Шетелдік студенттердің қатарында Рига Страдынь университетінің 6-курс студенті Джулия Джене, Дижле университеті Медицина факультетінің 2-курс студенті Лалуна Класика Доки, Миландағы Гуманитас университетінің 4-курс студенті Шиара Франзини және «Юлиу Хациегану» атындағы Медицина және фармация университетінің 3-курс студенті Рамона-Элена Ибанессу бар.
Кездесу барысында ректор халықаралық кәсіби алмасу бағдарламасы қатысушыларымен танысты. Шетелдік студенттер ректормен өткен ашық сұхбатта университеттегі оқу процесі, клиникалық тәжірибе және халықаралық конференцияларға қатысу мүмкіндіктері туралы әңгімелесті.
Ректор Жанар Темірбекова халықаралық тәжірибе алмасудың болашақ дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттырудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ, студенттерге сәттілік тілеп, университет атынан арнайы естелік сыйлықтар табыс етті.
Айта кетейік, университетіміз шетелдік студенттер үшін кәсіби тәжірибе алмасу алаңына айналып келеді.
Оның ішінде IFMSA/KazMSA халықаралық кәсіби алмасу бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық сәтті іске асып жатыр. 2026 жылдың шілде айында шетелдік 4 интерн кәсіби тәжірибеден өтті. Ал тамыз айында тағы 4 студент медициналық білім беру саласындағы тәжірибе алмасуды біздің клиникада жалғастырып отыр.
Аталмыш бағдарлама елдер арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастықтың дамуына зор үлес қосуда. Шетелдік студенттер бір айлық тағылымдама кезінде еліміздің мәдениетін танып, медицина саласындағы білікті дәрігерлерден білім алып, кәсіби тұрғыда шыңдалады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 