ЖАТАҚХАНАЛАРДЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Бүгін оқу ордамыздың ректоры Жанар Темірбекова және Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов университетке қарасты жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.
Университет басшылығы студенттер тұратын нысандарды аралап, жазғы кезеңде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен және жатақханалардың жалпы жағдайымен танысты.
Шаруашылық департаментінің директоры Есен Қалыбаев бастаған бірқатар сала мамандары жатақханаларда атқарылған жұмыстарды таныстырып, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Қазір университетке қарасты барлық студенттер үйінде жөндеу жұмыстары кезең-кезеңмен аяқталуда. Басты талап – жұмыстың сапалы орындалуы.
Кейбір блок жұмыстары толық аяқталған. Ішкі және сыртқы қабырғалар боялып, бөлмелердегі жарамсыз есік-терезелер ауыстырылған. Жатын төсек орындары жаңа матрастармен жабдықталып, едендерге жаңа линолеум төселген. Сонымен қатар жатақханаларды қажетті тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілуде.
Университет басшылығы жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп отыр. Жұмыс барысын бақылау кезінде ректор Жанар Темірбекова мердігер мекеме өкілімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзіміне қатысты мәселелерді талқылады.
Оқу орнымызда оқитын әрбір студенттің жайлы әрі заманауи ортада білім алуы басты назарда. Сондықтан, жыл сайын жатақханалардың жай-күйін жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп келеді.
Ал жатақханалардағы барлық жөндеу жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын университет басшылығы мұқият бақылайды.
«ҚАЗІРГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ: БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ, ЭКОЛОГИЯ, МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ»
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды 