«YASAWI ЖҰЛДЫЗЫ-2024» АТТЫ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРДІ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ
Іс-шараның басты мақсаты – 2023-2024 оқу жылы көлемінде университет қызметіне және қоғамдық жұмыстарға белсенді атсылысқан студенттерді ынталандыру.
Марапаттау кешінде алғаш сөз тізгінін алған ректор өкілі Наджи Генч оқу жылы көлемінде белсенділік танытқан барлық студенттерге өз алғысын жеткізді.
«Оқу ордамыздың өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты. Бұл қос мемлекет үшін де, әлем үшін де маңызды. Жастық шақтарыңызды тиімді пайдаланып, өмірлеріңіз сапалы өткізуге тырысыңыздар. Сіздер сияқты жалынды жастарымызбен мақтанамыз» - деді ректор өкілі.
Бұдан әрі, сахнаға алғашқы марапат иелері шақырылды. Ректор өкілі Наджи Генч оқу жылы көлемінде университетіміздің спорт саласын дамытуға үлесін қосып, әлемдік, халықаралық және республикалық жарыстарда абыройымызды асқақтатып жүрген жаттықтырушылар мен үздік спортшы студенттерді марапаттады.
Сондай-ақ, ректор өкілі жиналған көпшілікпен бірге «Үздік студент», «Үздік студенттік деканат», «Үздік клуб», «Үздік студенттік декан», «Үздік төраға» номинацияларын иелерін анықтап, жеңімпаздарға арнайы дайындалған статуэтканы табыс етті.
Оқу орнымыздың Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Қайсарбайқызы мен Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев та сахна төріне шығып, студенттерге ізгі тілектерін айтты. Вице-ректорлар «Үздік спортшы», «Үздік белсенді», «Үздік волонтер», «Үздік капитан», «Үздік амбассадор», «Үздік гид», «Үздік медиа жұлдызы», « Үздік би тобы», «Үздік дәстүрлі әнші», «Үздік музыкант», «Үздік эстрада әншісі», «Үздік жүргізуші» номинацияларының иегерлерін марапаттады.
Бұдан өзге, марапаттау рәсімінде «Жыл жаналығы», «Жыл балмұздағы», «Үздік мобилограф», «Үздік жатахана бөлмесі», «Үздік ардагер белсенді», «Үasawі Face», «Үздік диктор» сынды, жалпы саны 30-дан астам номинация өз иесін тапты.
Сонымен қатар білім ордамызда өз белсенділігімен көзге түсіп, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының дамуына елеулі үлес қосқан белсенді жастар, студенттік деканаттар мен ұйымдарға да алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік шарада «Би сұлтан» би ансамблі мен күміскөмей әнші жастар өз өнерлерін ортаға салып, кештің сәнін келтірді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 