БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫНА 100 КІТАП ТАБЫСТАДЫ
Бүгін оқу ордамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында маңызды жиын өтті.
Шараға Банк ЦентрКредит АҚ, Түркістан облыстық филиалының директоры Нұрсұлу Егембердиева мен орталық бөлімше директоры Алтынай Садықова, Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов пен кітапхана директоры Ақмеруерт Абсеметова, кітапханашылар мен белсенді студенттер қатысты.
Жиында Банк ЦентрКредит өкілі, Түркістан облыстық филиалының директоры Нұрсұлу Егембердиева университетіміздің кітапхана қорына көрнекті қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романынан 100 дана кітап табыстады. Айта кетейік, ЦентрКредит Банкі «Елең-алаң» романын қазақ тілінде қайта басып шығаруға қолдау көрсетіп, кітаптың 8 100 дана таралыммен жарық көруіне ықпал етті.
«Елең-алаң» – Әбілқайыр хан дәуіріне арналған және қазақ халқының тағдырын айқындаған тарихи шешімдер туралы сыр шертетін қазақ әдебиетінің шоқтығы биік туындыларының бірі.
Университетіміздің вице-ректоры Еділ Төлегенов және кітапхана директоры Ақмеруерт Абсеметова жаңа басылымның жарық көруіне демеуші болған Банк ЦентрКредит АҚ Президенті Руслан Владимировке, банк өкілдеріне университет ұжымы атынан алғыс айтты. Сондай-ақ, алдағы уақытта рухани қолдау жалғасын табатынына сенім білдірді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 