ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІН АРАЛАДЫ
Университетіміздің Өкілітті Кеңес төрағасы профессор, доктор Хүсейін Қараман өзінің іссапары аясында Түркістан облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін аралады.
Төраға Хүсейін Қараман өңірдегі сапары кезінде бауырлас екі халықтың ортақ тарихы мен рухани құндылықтарын ұлықтап, университеттің басшылық құрамымен бірге бабалардың бейітіне тағзым етті.
Олар ең алдымен, Отырар қалашығына және сопылық ілімнің негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы әрі рухани тәлімгері Арыстан баб кесенесіне барды. XII ғасырда салынған кесененің тарихымен танысты. Баптардың бабы Арыстан баптың бет-бейнесі мен өмір жолына байланысты аңыз-әңгімелер мен тарихи деректерге қанықты. Оның түркі халықтары үшін маңызын ұқты.
Одан әрі сапарын Түркістан қаласында жалғастырып, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Ортағасырлық сәулет өнерінің жауһары және түркі әлемінің рухани мұрасы болған кесенеде дұға жасады.
Осылайша жаңа басшы оқу ордамыз бен аймақ арасындағы мәдени-рухани байланыстарды одан әрі нығайтуға жоғары ықылас танытты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 