«ҚОШ КЕЛДІҢ, СТУДЕНТ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Іс-шара студенттердің күнделікті қызыққа толы өмірі туралы бейнероликпен бастау алды.
Сахна төрінде талантты жастар өнер көрсетіп, студенттік шақ пен жастар жалынын сезіндіріп, әсем әндер шырқады. «Би-сұлтан» би ансамблі ұсынған «Әгугай» мен «Заманауи» билері, сондай-ақ Жасмин Нұрғали, Еділхан Нұрғазы және студенттік музыкалық-вокалдық ансамблі мен Юлдуз Бектемированың әндері студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Салтанатты шара барысында Әлеуметтік-мәдени және даму вице-ректоры Еділ Төлегенов 1-курс студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап:
«Құрметті студенттер! Студенттік кезең – өмірлеріңіздегі ең жарқын әрі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл жылдарда сапалы білім алып қана қоймай, өз қабілеттеріңізді дамытып, жаңа тәжірибе жинақтап, жақсы достық қарым-қатынас қалыптастырасыздар.
Мен де 30 жыл бұрын осы университеттің табалдырығын аттап, сіздер сияқты студент болдым. Бүгінде сол біліміммен, сіздердің алдарыңызда сөз сөйлеп тұрмын. Ертең дәл осы жерде сіздердің де тұруларыңыз мүмкін.
Сондықтан студенттік жылдарды тиімді пайдаланып, білім алуға, жақсы адами қасиеттерді қалыптастыруға және өз мақсаттарыңызға ұмтылуға шақырамын», – деді.
Концерттік бағдарлама барысында оқу ордаға қадам басқан 1-курстың өнерлі жастары да сахна төрінде өнер көрсетті. Бірі ән шырқаса, енді бірі күмбірлете күй шертті. Би билеп, өлең шумақтарынан шашу шашқан жас жалындарға университет атынан арнайы сый-сияпаттар табысталды.
Жаңа оқу жылы барша студенттер үшін жаңа мүмкіндіктерге, жарқын бастамалар мен биік жетістіктерге толы болсын!
«ҚАЗІРГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ: БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ, ЭКОЛОГИЯ, МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ»
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды 