ҚОС БІРДЕЙ МЕКЕМЕМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ ТҮЗІЛДІ
Бүгін Басқару Кеңесінің отырысында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониямен ынтымақтастық меморандумы түзілді.
Жиынға Басқару Кеңесінің мүшелері – ректор Жанар Темірбекова, ректор өкілі Пейами Баттал, вице-ректорлар мен факультет декандары қатысты.
Сондай-ақ, жиынға арнайы келген қонақтар қатарында: Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Бағдат Чайзада, Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы а. қ. подполковнигі Дархан Бейсеуов, Анықтау бөлімінің бастығы а. қ. майоры Ерғали Сұлтанғалиұлы, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Қуатбек Тортаев пен филармонияның жетекші мамандары болды.
Жиында сөз алған ректор Жанар Темірбекова: «Бүгін университетте екі маңызды ұйыммен ынтымақтастық меморандумына қол қойғалы отырмыз. Бұл ынтымақтастық студенттер үшін зор мүмкіндік. Атап айтқанда, Спорт факультеті мен Өнер, медиа және дизайн факультетінің студенттеріне пайдалы болмақ» - деді.
Басқару кеңесі отырысында ректор Жанар Темірбекова мен Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Чайзада өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Серіктестіктің негізгі мақсаты — төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ осы бағытта кәсіби әрі білікті мамандарды даярлауға бірлесе үлес қосу.
Екінші маңызды құжатқа ректор Жанар Темірбекова және Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Қуатбек Тортаев қол қойды.
Мұндағы мақсат – тараптар арасындағы мәдени-ағартушылық байланысты дамыту, ұлттық өнер мен музыкалық мұраны насихаттау, қазақ өнеріне өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, мәдениет пен білім беру салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту.
Жиын соңында ынтымақтастық меморондумы аясында келісілген бағыттарды дамыту жөнінде сөз қозғалды. Бұған қоса, тараптар 2026-2027 оқу жылына арналған Жол картасын белгіледі.
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды 