ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ: ЕУРОПАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛЬ
Оқу ордамызда Түркия Республикасы, Кырыккале университетінің Спорт ғылымдары факультетінің оқытушысы, профессор, доктор Пелин Аксен «Инклюзивті спорт тәжірибелері: Еуропалық тәжірибеден Қазақстан үшін қорытындылар» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға Спорт факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.
Жиын модераторы – Спорт факультетінің деканы, PhD Бағлан Ермаханов болды.
Семинар барысында Еуропадағы инклюзивті спорт пен білім беру тәжірибелері таныстырылып, оларды Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері талқыланды. Мүгедектігі бар адамдардың дене белсенділігі мен спортқа қатысуын арттыру, жаттықтырушылар мен педагогтерді даярлау, сондай-ақ инклюзивті спортты дамытуға бағытталған пилоттық бастамаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды.
Пелин Аксен аталған халықаралық тәжірибені Қазақстанның мәдени ерекшеліктері мен білім беру жүйесі, спорттық дәстүрлеріне сәйкес бейімдеп, ел жағдайына сай өзіндік модель ретінде қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, футбол, баскетбол, волейболмен қатар асық ату, тоғызқұмалақ және қазақ күресі сияқты ұлттық спорт түрлерін де инклюзивті форматта дамытуға болатынын айтып, нақты мысалдар ұсынды.
Жиын соңында қатысушылар Қазақстан мен Түркия университеттері арасында инклюзивті спорт және білім беру саласында бірлескен жобалар, ғылыми зерттеулер мен пилоттық бағдарламаларды дамыту жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, болашақта бұл ынтымақтастықты Түркі әлемінде кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды 