ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ХХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ
Осы апта Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындары басталады. Олимпиададан кейінгі ең ірі құрлықтық спорт додасына университетіміздің төрт студенті мен екі түлегі қатысады.
Байрақты бәсекеде оқу ордамыздың студенттері Нилуфар Раймова – әйелдер күресінен, Сымбат Қыдырәлі – 3×3 баскетболдан, Клим Рюхов пен Владислав Мастихин – волейболдан Қазақстан намысын қорғайды.
Нилуфар Раймова – әйелдер күресінен ел үмітін арқалап жүрген талантты спортшылардың бірі. Ол 2021 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, Қазақстанға 13 жыл күткен алтын жүлдені сыйлады. Содан бері ел біріншіліктерінде тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
Волейболшылар Клим Рюхов пен Владислав Мастихин Қазақстан құрамасының сапында сынға түседі. Қос спортшы бұған дейін жағажай волейболынан да жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Олар 2025 жылы U21 Азия чемпионатында топ жарып, осы жас санатында Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын жүлдені иеленді.
Сымбат Қыдырәлі Азия ойындарында баскетболдың қарқынды әрі тартысты түрі – 3×3 сайысында бақ сынайды.
Құрлықтық додаға университетіміздің түлектері де қатысады. Әйелдер күресінен Шұғыла Өмірбек пен дзюдодан Айдар Арапов ел құрамасының сапында жүлдеге таласады.
Шұғыла Өмірбек – Қазақстанның әйелдер күресі тарихына есімін жазған дарынды спортшы. Ол 2025 жылы Сербияның Нови-Сад қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Осылайша, аталған жас санатында әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық әйел балуан атанды.
Университет түлегі Айдар Арапов – халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүрген тәжірибелі дзюдошылардың бірі. Ол биыл Астанада өткен Grand Slam турнирінде және Қытайдың Ордос қаласында ұйымдастырылған Азия чемпионатында қола жүлде иеленді.
Университет ұжымы атынан спортшыларымызға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдіреміз. Ел сенімін арқалаған саңлақтарымыздың қадамы нық, жеңісі жарқын болсын!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
# 15. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Академиялық департаменті,Физика, Экология және химия кафедралары конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы, Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өнер, медиа және дизайн факультеті, Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасы, ішкі аурулар, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды 