УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ СЕРПІН БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КӨРМЕ ӨТТІ
Бағдарламаның мақсаты — халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.
Көрмеге «Серпін» бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған ЖЖОКБҰ тізіміндегі 23 жоғары оқу орны талапкерлерді оқуға шақырды. Еліміздің Солтүстік, Шығыс, Батыс, Орталық және Ақмола, Қостанай, Семей, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында орналасқан жоғары оқу орындарының өкілдері арнайы келіп, білім беру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, факультеттер мен мамандықтар, оқу ақысы, шәкіртақы мәселелері сияқты маңызды сауалдарға жауап берді. Әр университет өз тарихынан бастап, жастарға ұсынар мол мүмкіндіктерін таныстырды.
Жиында Ғылым және жоғарғы білім министерлігінің кеңесшісі Руслан Емелбаев «Серпін» бағдарламасы мен Ұлттық бірыңғай тестілеу және гранттар жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Айтулы көрмеге Түркістан қаласындағы 39 мектептен 1200-ден астам талапкер қызығушылық танытты.
Биыл «Серпін» бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлінді. Оның 2500-ден астамы педагогикалық бағытта, 700- ге жуығы инженерия, өңдеу және құрылыс саласына, ал 300-ге жауығы IT-ге, 70-ке жуық грант ауыл шаруашылығы және биоресурстар бағытына бөлінген.
Бағдарламаға енгізілген өзгерістер де бар. Соның бірі – «Серпін» бағдарламасы түлектерінің оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.
Аталған бағдарлама негізінде грант жеңіп алуға: Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қызылорда өңірлерінің жастары қатыса алады.
Айта кетейік, Түркістан қаласында бастау алған білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы Шардара, Жетісай және Сарыағаш аудандарында 14-маусымға дейін жалғасады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 