ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ
«Қазақ тілін үйрету бағдарламасы» аясында Оксфорд университетінен келген студенттер оқу ордамызға экскурсия жасады.
Ең алдымен олар ректор өкілі Пейами Батталмен кездесті. Ректор өкілі шетелдік студенттермен әңгімелесіп, Түркістан қаласы туралы пікірлерін сұрады. Сондай-ақ, студенттерге сәттілік тілеп, арнайы естелік сыйлықтар табыс етті.
Кездесуден кейін қонақтар Мәдениет орталығында орналасқан музейге барып, Түркі әлемінің тарихы мен рухани мұрасы туралы мәлімет алып, музейдегі тарихи жәдігерлерді қызыға тамашалады.
Оксфорд студенттері Өнер, медиа және дизайн факультетіне де барды. Экскурсия барысында олар факультеттегі шеберханалардың жұмыс барысын көрді. Атап айтқанда, тоқыма бұйымдарын жасау, киіз бен текемет басу, шиден кілемше тоқу, сурет салу сияқты шығармашылық жұмыстармен танысты.
Бағдарлама қатысушылары қазақ тілін меңгерумен қатар, университеттің мәдени-шығармашылық кеңістігімен танысып, Қазақстанның тарихы, өнері мен дәстүрі туралы білімдерін толықтырды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 