УНИВЕРСИТЕТІМІЗ БЕН ICESCO АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Университетіміз бен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ICESCO) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Осы күндері Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы Science Summit 2026 бағдарламасына енген «Ғылыми дипломатия және жаһандық ынтымақтастық» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі диалог өтіп жатыр. Іс-шараны ICESCO мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Халықаралық жиынға Қазақстанның жоғары білім саласы делегациясының құрамында университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова да қатысты.
Диалог барысында ғылыми дипломатияның халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлі, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды орнықты даму жолында пайдалану, ғылыми инфрақұрылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.
Халықаралық жиын аясында ректор Жанар Темірбекова бірқатар кездесу өткізіп, университеттің шетелдік ұйымдармен ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге бағытталған келіссөздер жүргізді. Соның нәтижесінде ICESCO-мен ынтымақтастық туралы маңызды құжатқа қол қойылды.
Меморандум ясауитану, ғылыми зерттеулер, жастар бастамалары, климат бойынша білім беру және халықаралық академиялық ынтымақтастық бағыттарын қамтиды.
Кездесу барысында тараптар бірлескен жұмыстарды жүйелеуге арналған ортақ жол картасын әзірлеу мәселесін талқылады. Атап айтқанда, ICESCO-ға мүше елдердің жас ғалымдары үшін Түркістан қаласында арнайы ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру, Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және білімін жетілдірген жас ғалымдардың өз университеттерінде Ясауитану орталықтарын құру мүмкіндіктері сөз болды.
Сонымен қатар ясауитану бағыты бойынша жас зерттеушілердің ғылыми тағылымдамадан өтуі, білімін жетілдіруі және бірлескен ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ, осы бағыттағы гранттық қолдау тетіктері қарастырылды.
Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты ретінде климаттың өзгеруі мен экологиялық мәселелерге қатысты жастар бастамаларын қолдау, ғылыми-білім беру және халықаралық жастар бағдарламаларын ұйымдастыру мәселелері де талқыланды.
Осылайша, маңызды меморандум Қожа Ахмет Ясауи мұрасын халықаралық деңгейде зерттеу мен танытуға, жас ғалымдарды қолдауға және бірлескен ғылыми бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар келісім университеттің халықаралық ғылыми-білім беру байланыстарын одан әрі кеңейтуге жол ашады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Сатылатын қызметтік автокөліктер
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Академиялық департаменті,Физика, Экология және химия кафедралары конкурс жариялайды 