АБАЙТАНУШЫ МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
Университетімізде «Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация» III Халықаралық симпозиумы аясында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті әдебиеттанушы, абайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы атындағы дәрісхана ашылды.
Мекемтас Мырзахметұлы – оқу ордамызға еңбек сіңірген құрметті ұстаз. Қазақ руханияты мен ғылымында Абай мен Шәкәрімнің «Толық адам ілімі» мен «Ар ғылымы» жайлы жаңашыл танымның көш бастаушысы.
Мекемтас Мырзахметұлының еңбек жолы университетіміздің тарихымен тығыз байланысты. Ол 1991–2000 жылдары кафедра меңгерушісі, Ясауи ғылыми лабораториясының меңгерушісі, Әдебиет және этнофилология ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметтерін атқарды. Осы жылдары филология ғылымының дамуына, абайтану мен ясауитану бағытындағы зерттеулердің өрістеуіне, білікті мамандар даярлауға және университеттің ғылыми беделін арттыруға елеулі үлес қосты.
Бүгін ұлағатты ұстазды ұлықтау шарасына зиялы қауым өкілдері, ғалымның отбасы мүшелері, университет басшылығы, әріптестері мен шәкірттері қатысты.
Шара барысында Өнер, медиа және дизайн факультетінің студенттері Абайдың «Толық адам» іліміне негізделген сахналық қойылым ұсынып, ғалымның ғылыми мұрасындағы маңызды бағыттардың бірін көрерменге танытырды.
Жиында сөз бастаған университет ректоры Жанар Темірбекова Мекемтас Мырзахметұлының университетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесіне тоқталып, оның ғылым мен білім саласында өшпес із қалдырған тұлға екенін атап өтті. Оның ұстаздық жолы мен ғылыми еңбегі бүгінгі және келешек ұрпақ үшін үлкен өнеге екенін жеткізді.
Сонымен қатар, тағылымды шараға академик, Өкілетті кеңес мүшесі Дархан Қыдырәлі, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты.
Жиында Мұрат Мекемтасұлы әкесінің есімін ұлықтап, дәрісхана ашу бастамасына қолдау білдірген университет басшылығына алғысын білдірді. Сонымен қатар, әкесінің абайтану бағытындағы көптомдық еңбегінің 10 томын университетіміздің кітап қорына сыйға тартты.
Шара барысында Мекемтас Мырзахметұлының ғылыми-шығармашылық ізденістері, абайтану мен әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі, қазақ руханиятындағы орны кеңінен сөз болды.
Ғалымның шәкірттері мен әріптестері ұстаз туралы естеліктерін бөлісіп, оның ғылымға деген адалдығы мен кейінгі ұрпаққа қалдырған мол мұрасын еске алды.
Жаңа дәрісхана ғалымның өмірі мен еңбектерін танытатын, білім алушыларды ұлттық әдебиет пен руханиятты терең зерттеуге жетелейтін ғылыми-танымдық кеңістік ретінде қызмет етеді.
Айта кетейік, оқу ордамыздың еңбек сіңірген ұлағатты ұстаздары мен ғалымдарының есімін ұлықтау мақсатындағы бұл игі бастама 2024 жылдан бастау алды. Осы уақыттан бері көрнекті тұлғалардың атына дәрісханалар мен конференция залдары ашылып, бұл бағыттағы игі дәстүр жалғасын тауып келеді.
Мекемтас Мырзахметұлы атындағы дәрісхананың ашылуы – көрнекті тұлғалардың ғылыми мұрасын ұлықтап, оны келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған осы игі бастаманың жалғасы.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
# 17. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 