Хабарландырулар

  • image image image image
  • shape
    shape

    Жаңалықтар

    Blog Image

    УНИВЕРСИТЕТТЕ ТҮРІК ТІЛІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

    Оқу ордамызда  Түрік тілі мерекесіне орай «Тіліміз – болмысымыз» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті.

    Филология факультетінің Шетел тілдерін оқыту кафедрасының 2-курс студенттері ұйымдастырған шараның мақсаты – түрік тілінің тарихи тереңдігі мен бай мұрасын дәріптеу, оның ұлттық бірегейлікті, мәдениет пен рухани құндылықтарды сақтаудағы 

    Іс-шара университетіміздің Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор, доктор Хүсейін Караманның Түрік тілі мерекесіне арналған бейнеқұттықтауынан басталды.

    Жиында университет ректорының өкілі Пейами Баттал және Түркия Республикасының Түркістан қаласындағы Бас консулы Левент Гүржан, Филология факультетінің деканы Абдулкадир Өзтүрік сөз сөйледі. Олар түркі халықтарын жақындастыратын тілдің маңызына тоқталып, түрік тілінің ғылым мен білімдегі орны, сондай-ақ мәдени және рухани байланыстарды нығайтудағы рөлі туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

    Мәдени бағдарламада студенттер тіл мен ұлттық құндылықтарды арқау еткен әдеби шығармаларды орындады. 

    Жиында Қожа Ахмет Ясауидің түркі тіліне деген құрметі мен сүйіспеншілігін танытатын тағылымды мұрасы да кеңінен насихатталды. Ұлы ойшылдың ғасырлар қойнауынан жеткен өсиеті тілдің тек қарым-қатынас құралы емес, халықтың тарихын, мәдениеті мен рухани жадын сақтайтын құндылық екенін тағы бір мәрте айқындады.

    Тағылымды шара студенттердің тілге деген құрметін арттырып, түбі бір түркі халықтарының рухани және мәдени сабақтастығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Мерекелік бағдарлама түрік асханасының ұлттық тағамдары қойылған арнайы көрмемен қорытындыланды.