КІТАПХАНА ҰЖЫМЫ ХАКІМ АБАЙДЫҢ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕГЕН БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Университетіміздің кітапхана ұжымы хакім Абайдың мұрасын дәріптеген «Ұлы Абай – тағылым жалғастығы» байқауында жүлделі ІІ орын иеленді.
Байқау оқу ордамыздың профессоры, ғалым Сейдулла Садықұлының туғанына 75 жыл толуына орай өтті.
Шараны «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» қалалық марафоны аясында Түркістан қаласының Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.
Сайысқа университетіміздің кітапханасымен қатар, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы, Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы қатысты.
Университет кітапханасының «Толық адам» тобының құрамында кітапханашылар және 4-курс студенттері Лескенқызы Ұлбала мен Мәулен Хасан болды.
Байқау барысында қатысушылар Абайдың қарасөздеріндегі терең ой мен философиялық тұжырымдарды саралап, өзара пікір алмасып, хакім мұрасының мәнін ашуға ұмтылды.
Екінші кезеңде «Абай қарасөзін қазіргі қоғаммен байланыстыру» тақырыбында сахналық көріністер қойылып, ақынның адамгершілік, білім, еңбек, ар-ұят туралы ойын бүгінгі қоғам тынысымен ұштастырды.
Үшінші кезеңде қатысушылар Абай тағылымынан алған өнегесін ойлы сөзбен өрнектеп, шешендік қабілеті мен білім-білігін танытты.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Фараб кітапханасының «Сегізаяқ» тобы, ІІ орынды кітапханамыздың «Толық адам» тобы, ІІІ орынды Алтынсарин кітапханасының «Алтынсарин» тобы иеленді.
Осындай тағылымды басқосулар арқылы Абай сөзі жаңғырып, ұлы ойшылдың рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Абай тағылымы – ұлттың рухани темірқазығы, ал оның өнегелі сөзі – ұрпаққа қалдырған мәңгілік аманаты.
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды 