ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫН АРАЛАДЫ
Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор, доктор Хүсейін Караман университетке жұмыс сапарымен келді. Бұл жолы Төраға Орталық кітапханаға барып, оның жұмысымен танысты. Сонымен қатар 5 қазан – Ұстаздар күні арналған мерекелік шараға қатысты.
Кітапханаға сапары барысында профессор, доктор Хүсейін Караман оқу залдарында білім алып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып отырған студенттермен жүздесіп, олардың оқу үдерісі, академиялық ізденістері және болашақтағы кәсіби жоспарлары туралы еркін форматта әңгімелесті.Сондай-ақ, студенттердің білім алу барысында кездесетін қажеттіліктері мен ұсыныс-тілектерін де тыңдады.
Бұдан әрі профессор, доктор Хүсейін Караман кітапхананың материалдық-техникалық базасы, цифрлық және баспа ресурстары, сондай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне жасалған мүмкіндіктермен танысты. Ол сапалы білім мен ғылыми ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуде заманауи кітапхана қызметтерінің маңызын атап өтті. Төраға кітапхана инфрақұрылымын студенттердің қажеттіліктеріне сай тұрақты жетілдіру керек екеніне де назар аударды.
Орталық кітапхананың жұмысымен танысқан профессор, доктор Хүсейін Караман оның қызметіне оң бағасын беріп, кітапхана ұжымына табыс тіледі.
Сондай-ақ Өкілетті Кеңес төрағасы университеттің Теология факультетінің ұйымдастыруымен өткен 5 қазан – Ұстаздар күніне арналған мерекелік шараға қатысты.
Мерекелік жиында сөз сөйлеген профессор, доктор Хүсейін Караман ұстаздардың қоғамның мәдени, ғылыми және адамгершілік негіздерін қалыптастырудағы айрықша рөліне тоқталды.
Профессор, доктор Хүсейін Караман Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық байланысты нығайтуда білім беру саласы мамандарының еңбегі маңызды екенін айтып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген барша ұстаздарға алғысын білдірді.
Іс-шаралар соңында профессор, доктор Хүсейін Караман студенттермен, университет қызметкерлерімен және шараға қатысушылармен бірге естелік суретке түсті.
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды 