СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Оқу ордамызда студенттер арасындағы факультетаралық дәстүрлі спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Спорттық дода биыл XXXV рет ұйымдастырылып отыр.
Жарыстың мақсаты – факультеттер арасындағы достықты нығайту, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Спартакиаданың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов: «Университетіміздің студенттері білім алумен қатар, түрлі спорттық додаға түсіп, шынығады. Біз жастарға бәсекеге қабілетті болуды насихаттаудан жалықпаймыз. Әрине, факультеттер арасындағы тартыста маңыздысы – бәйге алу емес, сол жолға жетуде командалардың бір мақсатқа ұмтылуы. Бұл – кез-келген жеңістен жоғары. Сіздерді ғылым, білім саласында және өнер мен спортта биіктен көргіміз келеді»,-деді.
Сондай-ақ, Спорт факультетінің деканы Бағлан Ермаханов қатысушыларға сәттілік тілеп, қолдау білдірген Спорт-сауықтыру орталығына, декандар мен декан орынбасарларына, белсенді студенттерге алғыс айтты.
Спартакиада аясында командалар эстафеталық ойындар, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, қол күресі, үстел теннисі, ату спорты, шахмат және арқан тарту сынды спорт түрінен өзара бақ сынайды.
Бүгін факультеттер «Эстафета» бойынша жарысып жатыр. Ертең кіші футболдан тартысқа түседі.
Айта кетейік, спартакиада Спорт-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен 5 қазан және 12 қараша күндері аралығында өтеді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 