EMBA БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІ ТҮГЕЛ ҚЫЗЫЛ ДИПЛОМ АЛДЫ
Бүгін университетімізде Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультетінің «Денсаулық сақтаудағы бизнес әкімшілендіру» EMBA білім беру бағдарламасын табысты аяқтаған 21 магистрантқа қызыл диплом табысталды.
Салтанатты кешке университет ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілі Пейами Баттал, Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультетінің деканы Жанар Жағыпарова мен факультет ұжымы, түлектер қатысты.
Шараны университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова ашып, денсаулық сақтау саласының мамандарын жаңа бір белесті бағындыруымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Ол өз сөзінде: «Бүгін – біздің университетіміз үшін аса маңызды әрі айтулы күн. Біз ЕMBA бағдарламасы бойынша алғашқы топты оқытып, денсаулық сақтау саласының білікті мамандарына диплом табыстағалы тұрмыз.
Мен де EMBA білім беру бағдарламасы бойынша білім алдым. Сондықтан өз өмірімнің кезеңін ЕMBA-ге дейін және кейін деп бөлемін. «Не үшін бұл бағдарламаны оқу керек?» - деп сұрағандар көп болды. Жауап біреу: сіздер медицинаның ең мықты маманы, керемет хирург немесе дәрігер болуларыңыз мүмкін. Бірақ, бұл – сіздің мықты басшы бола алатыныңызға кепілдік бермейді. Себебі, адамдармен қарым-қатынас орнату, ұйымды басқару және стратегиялық мақсаттарға жету – мүлдем бөлек дағдыларды талап ететін әлем.
Басқарушылық қызметте көбіне интуицияға немесе алдыңғы толқынның тәжірибесіне сүйеніп жатамыз. Ол қателік жасау қаупін арттырады. Ал, EMBA – әлемдік басқару тәжірибесінің ең үздік, дайын құралдары жинақталған пакет. Осы білімді өмірлік және кәсіби тәжірибелеріңізбен ұштастырып, Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамыту үшін жұмсайды деп сенеміз. Жолдарыңыз ашық, сәттілік серіктеріңіз болсын!»- деді.
Келесі кезекте диплом иелеріне ізгі тілегін арнаған ректор өкілі Пейами Баттал: «Мен сіздерге бүгін өз өмірімдегі маңызды кезең туралы айтқым келеді. Әлі есімде, доцент ғылыми дәрежесін алған жылдары, Түркиядағы ашық оқыту жүйесі арқылы мемлекеттік басқару мамандығын оқыдым. Әкімшілік құқық бойынша алған білімім Түркияда ректор және бас хатшы сияқты қызметтерді атқаруыма себепш болды.
Ректор өте дұрыс айтты. Шынында да, біз бәріміз, тұтас әлем де белгілі бір кезеңнен өтіп келеді. Сондықтан, әлемде өз орнымызды табу үшін, өз мамандығымызбен ерекшелену үшін жәй ғана жұмыс істеп жүру жеткіліксіз. Бізге қолдау, сапалы білім және қосымша сертификаттар алу қажет. EMBA білімі сіздерге замандастарыңыздан бірнеше қадам озық болу мүмкіндігін сыйлайды. Өйткені, басқару ісі – мүлдем басқа дүние»,-деді.
Айта кетейік, бітіруші түлектер 2025-2026 жылы оқуға қабылданған, EMBA-дің алғашқы қарлығаштары. Олар «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесін алды. Сонымен қатар диплом иелерінің арасында университетімізде медицина бағыты бойынша бакалаврды, резидентураны аяқтаған шәкірттер де бар.
Салтанатты кеш соңында кәсіби біліктілігі, басқарушылық дағдылары жаңа деңгейге көтерілген магистранттар университет басшылары мен факультет деканына алғыс айтты. Сондай-ақ қазақтың дәстүріне сай шапан жауып, гүл шоқтарын сыйлады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 