ОҚУ ОРНЫМЫЗ «ЖІБЕК ЖОЛЫ-ІІІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
Қазақстандық және түркиялық университеттерді таныстыру көрмесі Түркия Республикасы сауда министрлігінің, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының, сондай-ақ KZ-EXPO компаниясының қолдауымен өткізілді.
Іс-шараның ашылу салтанатында Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу мен Түркия Бас консулдығының білім беру атташесі Айхан Коркмаз сөз сөйлеп, білім саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту қажеттігіне назар аударды.
Халықаралық көрмеге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ең үздік бағдарламаларын, тілдік бағдарламаларды, мәдени алмасу бағдарламаларын ұсынатын Түркия мен Қазақстанның жетекші университеттері қатысты.
Жалпы саны 25 мемлекеттік және жеке жоғары оқу орнының, атап айтар болсақ, Түркиядан – 12, Қазақстаннан – 13 университеттің өкілдері Алматы қаласы мен Алматы облысының мектеп түлектеріне ақпараттық-танытым жұмыстарын жүргізді. Олар үздік жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті критерийлер мен талаптар, оқу құны және студенттер үшін қосымша мүмкіндіктер туралы айтып, арнайы тілдік бағдарламалар жөнінде ақпарат берді.
Қазақстан мен Түркияға ортақ оқу орнымыз да білім көрмесіне белсенді қатысып, қатысушыларға университет мүмкіндіктері мен білім беру бағдарламаларын таныстырды.
Айта кетерлігі, «Жібек жолы-ІІІ» халықаралық білім көрмесі өзіндік ерекшелікке ие. Жоба барысында тұңғыш рет түркиялық және қазақстандық университеттер өзара ынтымақтастық орнатып, 200-ден астам меморандумға қол қойылды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 